• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 07:13:23
Алматы
+35°

Алматыда жаппай тәртіпсіздіктерге қатысушыларға қару таратқан үш күдікті ұсталды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков мәлімдеді.

Ұсталғандар 19 бен 20 жас аралығындағы жігіттер. Айтуынша, оларды белгісіз біреулер қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасап, қару таратуға мәжбүрлеген.

– Олар қаладағы базарлардың бірінің аумағында ұсталды. Қазіргі уақытта айыпталушылар қамауда отыр. Олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын міндетті түрде тексереміз, – деді департамент бастығының орынбасары.

Полиция мәліметінше, күдіктілер оқиғаның қалай болғанын және қару-жарақтарды белгілі бір топ мәжбүрлі түрде таратуға бұйрық бергенін айтқан. 

– Біз қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасадық. Бізді осылай жасауға мәжбүрлеген бір топ адам болды. Сосын біз ұрлаған қару-жарақтың жартысын өздеріне алып алды, автоматтарын сілкіп тұрды. Мен ақ түсті Lexus көлігін жүргіздім, – деген бірінші күдікті полиция жаралаған видеода.

Ал, екінші күдікті мұндай әрекетке қорыққандарынан барғандарын айтқан.

– Бұлар – газтұмылдырық киген, автомат, пышақпен қаруланған адамдар. Олар бізге қаруды тез алып шығып, оны апарып беруді бұйырды. Біз оны қорыққаннан істедік, бұл адамдар бізге қысым көрсетті. Автомат асынған адамдардан қалай қорықпайсың, – дейді екінші күдікті.

Әлеуметтік желіде Алматыда дүрбелең кезінде белгісіз адамдар қару-жарақ дүкенінен қару алып шығып, Республика алаңына жиналғандарға таратып жатқан видео тараған.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы қару

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір