• USD 431.41

  • EUR 452.94

  • RUB 6.92

  • CNY 63.83

20 Мамыр, 04:35:47
Алматы
+14°

Денсаулық сақтау министрлігі 21 қаңтар күнгі эпидемиологиялық жағдай туралы ақпаратты жариялады.

Министрлік мәліметінше, өткен тәулікте ПТР тест арқылы 15 169 адамнан коронавирус, 146 адамнан пневмония анықталған. 20 қаңтарда 11 адам коронавирустан, 2 адам пневмониядан көз жұмған.

22 қаңтардағы мәлімет бойынша, 135 963 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 9241 пациент стационарда, 126 722 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Індетке шалдыққандар арасында 405 адамның жағдайы ауыр, 104 пациенттің жағдайы өте ауыр, 57 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Атырау, Алматы, Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар облыстары "Қызыл" аймақта.

Түркістан облысы "Сары" аймақта.

22 қаңтардағы мәлімет бойынша 9 115 755 адам вакцинаның I компонентін, 8 678 827 адам II компонентін салдырған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір