22 Қаңтар, 2022 NEWS
Фото: видеодан скриншот
Жаңаөзен тұрғындары президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан бейбіт митингке шыққан азаматтарды азаптауды тоқтатуды талап етті. Видеоүндеуді Жаңаөзен қаласының "КЕЗБИ" ЖШС қызметкерлері жолдады.
"Қазақстанда болған бейбіт түрдегі наразылық, демонстрациясына қатысқан қарапайым халықты күштік құрылымдар қудалауын тоқтатуын талап етеміз. Егер де қудалау тоқтамаған жағдайда біз Қазақстан Республикасының заңнамаларына сүйене отырып, бейбіт шеруге шығатынымызды қаперіңізге саламыз.
Сіздің (президент Қасым-Жомарт Тоқаев - ред) айтқан әрбір жолдауыңызды мән беріп тыңдап отырмыз. Сол жолдауыңыз бірінде тәртіп бұзбай, бейбіт түрде наразылық акциясына шыққан азаматтарға алғысыңызды айта отырып, рақымшылықпен қарауға тапсырма бердіңіз. Алайда күштік құрылымдар сіздің тапсырмаңызды асыра пайдаланып, қарапайым адамдарды үйінен алып кетіп, әртүрлі әрекеттер мен жасамаған қылмыстарын жасады деп ниетті екенін әлеуметтік желіден көріп жатырмыз.
Сондықтан ҚР гаранты ретінде ҚР азаматтарына құрылымдық күштердің қылмыстық жала жауып, қысым жасауын тоқтатуын талап етеміз. Халық – террорист емес" делінген видеоүндеуде.
Алайда Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Еуропалық Парламенттің елдегі жағдайға қатысты қабылдаған қарарына "біржақты сипатқа ие, объективті емес тұжырымдарға негізделген" деп баға берді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір