• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Қазан, 07:20:45
Алматы
+8°

"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынынан кейін қорды реформалауға дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол facebook парақшасында жазды.

– "Самұрық-Қазынаның" алдында үлкен мүмкіндік туып отыр. Қоғамда қызу талқыланып жатқан реформаларды жүзеге асыруымыз керек. Реформалау бағдарламасына нақты, әрі тиімді ұсыныстар бере алатын азаматтармен диалог орнатуға дайынбыз, – деді А. Сәтқалиев.

Ол алдағы уақытта жоспарлар ашық ақпарат көздерінде және корпоративтік сайтта жарияланатынын айтты.

– Біз барлық сауалдарға жауап береміз. Өзгерісті өзімізден бастап, ашықтық, есеп беру, бизнеске кедергі келтірмеу, әлеуметтік жауапкершілік және сыбайлас жемқорлықпен күрес қағидаттарын негізге алып отырмыз. "Самұрық-Қазына" Қазақстан Республикасы азаматтарына Қор активтерін тікелей иеленуге мүмкіндік бермек. Біз бизнес-процестер мен Қордың компаниялар тобындағы корпоративтік басқару тәжірибесін реформалауды ұсынамыз. Есеп беру мен басқару тетіктері басқаша болады. Мұнай, газ, көмір, тасымалдау мен ұқсату, электрқуатын өндіру, телекоммуникациялар және басқа да салалардағы қатынастарды жаңалауға бет аламыз, –  деді ҰӘҚ басқарма төрағасы.

Оның айтуынша, сатып алулар жүйесін түбегейлі өзгертіп, отандық тауар өндірушілер мен шағын және орта бизнесті қолдау механизмдері күшейтіледі.
 
– Сәрсенбі күні, 26-шы қаңтарда бизнес-қоғамдастықпен ашық диалог ұйымдастырылады. Әлеуметтік желілерде оның тікелей трансляциясы жүргізіледі. Бірлесіп жасалған реформалау бағдарламасы бекітілсе, оны іске асырып, қатаң орындауға бар күшімді саламын, – деді Сәтқалиев.

21 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ірі бизнесмендерімен кездесуінде "Самұрық-Қазына" қоры жұмысын ашық жүргізбейтінін, сатып алулар жүйесі тиімсіз екенін айтқан. Мемлекет басшысы өз сөзінде ауқымды жобалар аяғына дейін жеткізілмей жатқанын атап өтіп, қорға түбегейлі реформа жасауды тапсырған. Аталған мәселе бойынша президент Алмасадам Сәтқалиевпен сөйлескенін, егер ол жүктелген міндетті атқара алмаса, өзі де, Қор да бірге кететінін мәлімдеген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір