• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

09 Қараша, 06:02:55
+12°

Германия келесі айда Украинаға далалық медицина мекемелерін жіберуді жоспарлап отыр. Алайда Украинаға қару-жарақ беруден бас тартты.

Германияның қорғаныс министрі Кристин Ламбрехт "Die Welt" газетіне толық далалық госпиталь жіберілетінін, Германия Киев үшін 5,3 миллион еуро бөлетінін айтты.

"Германия бірнеше жылдар бойы Украинаға респираторларды жеткізіп, ауыр жараланған украиналық сарбаздарды әскери госпитальдарда емдеген" деді министр.

Ламбрехт Германия үкіметі Ресеймен дағдарысты жеңілдету үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын, бірақ Украинаға қару-жарақ беру мүмкін еместігін жеткізді. 

"Қару-жарақ жеткізу қазіргі уақытта пайдалы болмайды. Бұл – федералды үкіметтегі ортақ келісім" деді ол.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір