• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Қазан, 11:50:54
Алматы
+8°
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев әлеуметтік желідегі парақшасында ұсынылған тұжырымдамалар мен Қордың алдағы тағдыры туралы айтты.
 
Сәтқалиев Қазақстан халқына ескертпелер мен ұсыныстары үшін алғысын білдіріп, көтерілген өзекті мәселелердің бірі қорды ел экономикасының субъектісі ретінде ұстаудың мақсатқа сай екенін атап өтті.
 
– Көптің көкейінде жүрген мәселелердің бірі – ҚР экономикасының субъектісі ретіндегі Қордың қызметін доғару. Ұсыныстар ішінде Ұлттық компанияларды салалық министрліктердің басқаруына тапсыру ұсынылып отыр. Әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей, мұндай механизм сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін еселеп ұлғайтады. Тиімділікті жоғалтып, инвестициялық климаттың нашарлауына әкеліп соғады. Мемлекет реттеуші, меншік иесі, әлеуметтік бағдарламалдарды іске асырушы құзыреттерін бәрін теңдей пайдалана алмайды. Мүдделер қайшылығы пайда болады. Теңгерімді сақтап қалу үшін активтерді компоративтік басқаруға беру ғана тиімді. Стейкхолдерлер – Қазақстан азаматтары бұл процесті толық бақылауына ала алады, – деп жазды ол.
 
Алмасадам Сәтқалиевтің сөзінше, қорда төмендегідей функциялар сақталуы тиіс:
  • Стратегиялық маңызы бар активтерді басқару;
  • ҚР Үкіметінің экономиканы әртараптандыру, шағын және орта бизнесті және отандық өндірушілерді қолдау жөніндегі Агенті қызметі;
  • Инфрақұрылымға және экономиканың шикізаттық емес секторларына инвестиция құю, нақты жобалар мен жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал ету;
  • Жеке секторға қолжетімсіз шарттар негізінде жобаларды қаржыландыруды қамтамасыз ету арқылы жаңа нарықтарды қалыптастыру;
  • Әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру.

Бұған дейін қор басшысы "Самұрық-Қазынаны" алдағы уақытта жоспарлар ашық ақпарат көздерінде және корпоративтік сайтта жарияланатынын айтқан болатын.

21 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ірі бизнесмендерімен кездесуінде "Самұрық-Қазына" қорын түбегейлі реформалау қажеттігін айтқан.

Мемлекет басшысының айтуынша, қор жұмысы ашық жүргізілмей отыр және сатып алулар жүйесі тиімсіз.

Тоқаев өз сөзінде ауқымды жобалар аяғына дейін жеткізілмей жатқанын атап өтіп, қорға түбегейлі реформа жасауды тапсырған. Аталған мәселе бойынша президент Алмасадам Сәтқалиевпен сөйлескенін, егер ол жүктелген міндетті атқара алмаса, өзі де, Қор да бірге кететінін мәлімдеген. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір