• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 14:37:01
Алматы
+12°

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният оқушылардың оқу форматын түсіндірді. Бұл туралы ол үкімет отырысында хабарлады.

– Барлық мектепке дейінгі ұйымдар, бастауыш сынып және қуаты 600 оқушыға дейінгі мектеп штаттық форматта жұмыс жасайды. 600-ден астам оқушысы бар білім беру ұйымдарында толтыру 50 пайыздан аспауы керек. Бастауыш мектеп оқушылары штаттық режимде білім алады. Бұл ретте оқыту форматын таңдау кезінде міндетті түрде вакциналаумен қамту деңгейі ескеріледі. Жоғары оқу орындары мен колледждерде де сараланған тәсіл енгізілген. Лекциялар онлайн, қалған сабақтар икемді кесте бойынша штаттық режимде өтеді, – деді ол.

Министр карантин шаралары орындалмаса,ғ оқу онлайн форматқа ауыстырылатынын атап өтті.

– Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының әкімдіктері оқушылардың арасында сырқаттанушылықтың күрт өсуіне жол бермеу үшін білім беру ұйымдарында санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етуі қажет, – деп мәлімдеді Ажар Ғиният.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір