• USD 415.12

  • EUR 443.06

  • RUB 7.41

  • CNY 62.21

25 Мамыр, 23:34:48
Алматы
+18°

Қазақстан мен Өзбекстан екі елдің бірқатар өңірінде жарық сөнуін бір-бірінен көріп жатыр.

Қазақстандық "KEGOC" компаниясы электр энергиясының тоқтауына Өзбекстан, Қырғызстандағы энергия жүйесінде туындаған апаттық жағдай себеп екенін мәлім еткен.

"2022 жылдың 25 қаңтарында сағат 11.59-да (Нұр-Сұлтан уақытымен) Орталық Азия (Өзбекстан, Қырғызстан) энергия жүйесінде туындаған айтарлықтай апаттық теңгерімсіздіктің салдарынан "Солтүстік-Шығыс-Қазақстанның оңтүстігі" 500 кВ электр энергиясы транзитіне арналған қуаттың төмендеуі орын алды. Соның салдарынан "Солтүстік-Шығыс-Қазақстанның оңтүстігі" транзитінің апатты бөлінуі орын алып, Қазақстанның оңтүстік аймағындағы тұтынушылардың басым бөлігі үшін жарық өшті. Шектелу көлемі шамамен 1 500 мегаватты құрайды. Қазіргі уақытта жүйе операторы «KEGOC» АҚ апатты жою іс-шараларын қабылдап жатыр" делінген компания ақпаратында.

Ал Өзбекстан энергетика министрлігі таратқан ақпаратта апаттық жағдай Қазақстанда туындағаны айтылады.

"Қазақстан Республикасы электр желісіндегі ірі апат салдарынан Алматы, Шымкент қалаларында, Түркістан облысында электр энергиясын тасымалдауда кідірістер туды" делінген ақпараттық хабарламада.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір