27 Қаңтар, 2022 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Денсаулық сақтау вице-министрі, Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов қызметінен босатылды. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ведомство мәліметінше, Қиясов Ерлан Аңсағанұлы берген өтінішіне сәйкес қызметінен кеткен.
Е. Қиясов 2020 жылдың қыркүйегінде денсаулық сақтау вице-министрі, Қазақстанның бас санитар дәрігері қызметіне тағайындалған.
Ол 1973 жылы Алматы облысында дүниеге келген.
Қазақ мемлекеттік медицина университетін, Орталық Азия университетін, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Тұран-Астана университетін тәмәмдаған.
Еңбек жолын 1990 жылы "Алматы қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасы" реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің санитары болып бастады.
1997-1999 жылдары Алматы қаласындағы Әуе көлігіндегі орталық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының санитарлық дәрігері, дәрігер-эпидемиологы болды.
1999 жылдан бастап 2020 жылға дейін Қазақстан президенті Іс басқармасының медициналық орталығының құрылымында, санитарлық-эпидемиологиялық станцияда жалпы гигиена бойынша санитарлық дәрігер, жедел бөлім меңгерушісі, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының эпидемиологиялық бөлімінің бастығы, "Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы" РМК директоры, басшының орынбасары болып жұмыс істеген.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір