• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 12:40:37
Алматы
+12°

АҚШ президенті Джо Байден ақпан айында Ресей Украинаға шабуыл жасау "ықтималдығы анық" екенін айтты. Бұл туралы Әл-Жазира Ақ үйге сілтеме жасап хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, Вашингтон дағдарысты талқылау үшін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің ашық отырысын өткізуге ұмтылуда.

Айта кетейік, Кремль негізгі талаптары НАТО тарапынан кезекті рет қабылданбағаннан кейін дағдарысты шешуде "оптимизмге негіз аз" екенін мәлімдеген. Мұны батыс елдері салмақты нота ретіне қабылдағаны хабарланды.

Ресей шенеуніктері дағдарысты тоқтату үшін диалог әлі де мүмкін екенін айтты, бірақ Байден Мәскеу жақын болашақта Украинаға басып кіретінін айтып қатаң ескерту жасады.

Ақ үйдің жариялаған ақпаратына сәйкес, Байденнің Украина президенті Владимир Зеленскийге телефон арқылы айтқан сөздері Вашингтон шенеуніктерінің біраз уақыттан бері айтып келе жатқан алаңын күшейткен.

"Президент Байден ресейліктердің ақпан айында Украинаға басып кіру қаупі анық екенін айтты" деді Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Эмили Хорн.

"Ол бұл туралы ашық айтты және біз бұл жөнінде бірнеше ай бойы ескертіп келеміз" деді ол.

Украина дағдарысына байланысты батыс елдері мен Ресей арасындағы шиеленіс қалай өрбіп жатқаны туралы қысқаша ақпаратты назарларыңызға ұсынамыз: 

  • "Ресей Украинаға басып кіру үшін сылтау дайындап жатыр" деп хабарлады Әл-Жазира телеарнасы.
  • "Ресей Украинаға басып кіруі мүмкін" деген қауіп күшейген кезде АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Еуропаға барды
  • "Барлық нұсқа тыс қалмайды. Дипломатиялық нұсқа да". АҚШ мемхатшысы Еуропаға неге бара жатыр?
  • Джо Байден Ресей Украинаға шабуыл жасаса, Мәскеуді "апат" күтіп тұрғанын ескертті.
  • АҚШ барлау агенттері Ресей Украинаға қашан шабуылдауы мүмкін екенін жариялады.
  • Ресей соғыс ұшақтары Киевке жақын Беларусь еліне жиналды.
  • Ағылшын саясаткері Ресей Украинаға басып кіретіні сөзсіз екенін және шабуыл жақын арада болатынын мәлімдеді.
  • АҚШ, Ұлыбритания Украинаға қару-жарақ жіберіп жатыр.
  • Дания, Испания, Франция және Нидерланды Шығыс Еуропаға жойғыш ұшақтар мен әскери кемелер жіберуде.
  • Ресей ықтимал шабуыл туралы ақпараттарды жоққа шығарды.
  • Германия қазірге Украинаға қару-жарақ бермейтінін айтты бірақ медициналық көмек көрсететінін жариялады.
  • Екі жақ (Батыс-Ресей) соғысқа дайындықпен қоса, дипломатиялық келісімге келуге тырысуда.
  • Франция мен Германия Ресейді диалогқа шақырды.
  • Ресей, Украина, Германия және Франция дипломаттары келіссөз жүргізді.
  • Батыс елдері Украинаға шабуыл жасалса, зардабы ауыр болатынын мәлімдеді.
  • АҚШ өз азаматтарын Украинадан шығып кетуге шақырды.
  • "Біз қалай болса да дайынбыз". НАТО Ресейдің талабын тойтарды.
  • Байден: Бұл – екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең ірі шабуыл болуы мүмкін
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір