• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 03:14:05
Алматы
+12°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Nur Otan" партиясының кезектен тыс XXI съезінде алдағы өзгерістер туралы айтып, экс-президенттің еңбегін атап өтті.

– Қоғамдық құндылықтар жүйесіне, саяси және әлеуметтік-экономикалық салаларға түбегейлі өзгеріс енгізу қажет. Осы ретте, азаматтық қоғам институттарына зор міндет жүктеледі. Әсіресе, саяси партиялар айрықша рөл атқарады. Қазір ел ішінде түрлі жағымсыз әңгімелер тарап жатқанын білемін. Осыған байланысты мемлекет басшысы ретінде тағы да қайталап айтамын. Тұңғыш президентіміз елімізді іргесі берік мемлекетке айналдыру үшін зор еңбек сіңірді. Біз бұған дейінгі жетістіктерімізден айырылып қалмауымыз керек. Мемлекетімізді нығайтып, кез-келген сынаққа дайын болуымыз қажет. Табысқа жету үшін, ең алдымен, ауызбіршілік керек екенін есте ұстайық, – деді ол партия съезінде.

Қ.Тоқаев Н.Назарбаевтың тарихи еңбегін ұмытпауға шақырып "өткен заманды жоққа шығаратын, өз басшыларына шабуыл жасайтын халықтың болашағы екіталай әрі бұлыңғыр" деді.

Сондай-ақ ол президент пен кез келген партия және қозғалыс арасындағы дистанция болуы керектігін атап өтіп, белгілі бір уақыттан кейін Nur Otan-дағы төрағалығының мән-маңызы қайта қаралатынын жеткізді.

Сонымен қатар Тоқаев алдағы реформаларды сапалы түрде заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету үшін партияның мәжілістегі фракциясын жаңғырту керектігіне назар аударды.

– Фракция мүшелері формализмнен алыс болып, қатып қалған қалыптан шығуы керек. Қоғам өкілдерімен көбірек байланыс орнатуы қажет, – деді президент.

♦ Тоқаев "Nur Otan"-ның мәжілістегі фракциясы жаңғыртылатынын айтты

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір