31 Қаңтар, 2022 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, Йемендегі Хусит көтерілісшілері әскер қатарына алған 1500-ге жуық бала 2020 жылы шайқаста қаза тапқан, ал келесі жылы тағы жүздеген бала көз жұмған.
Қауіпсіздік кеңесіне берген баяндамасында сарапшылар көтерілісшілер әлі де балаларды өз қатарына қосып, өздерінің идеологиясын тарату үшін жазғы лагерьлер мен мешіттерді пайдаланып жатқанын айтты.
Мамандар Сауд Арабиясы басқаратын күштердің көтерілісшілерге жасаған әуе соққыларының салдарынан әлі де көптеген бейбіт тұрғын қаза тауып жатқанын мәлімдеді.
2015 жылы басталған соғыста 10 мыңнан астам бала көз жұмған.
Он мыңдаған ересек адам соғыста өлді, миллиондаған адам босқынға ұшырады және ашаршылық қаупінде тұр.
300 беттен тұратын баяндамада комиссия 2020 жылы ұрыс даласында қаза тапқан 1406 баланың және келесі жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында көз жұмған 562 баланың тізімін алғанын жариялады. Оларды хуситтер әскерге алған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір