• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:38:15
Алматы
+35°

Фото: Берік Уәлидің Facebook парақшасынан

Парламент мәжілісінің төрағалығына Ерлан Қошанов келді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Бұған дейін Нұрлан Нығматулиннің мәжіліс депутаты ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған.

Ерлан Жақанұлы Қошанов 1962 жылы Қарағанды облысында туған.

1984 жылы Қарағанды политехникалық институтын, 1999 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

Институт бітірген соң Жезқазған кен-металлургия комбинаты байыту фабрикасының слесары, шебері болып істеді.

1988-1990 жж. – жұмыскер және ауыл жастары бөлімінің нұсқаушысы, Қазақстан ЛКЖО Жезқазған облыстық жастар проблемаларының әлеуметтік-экономикалық бөлімінің меңгерушісі.

1990-1995 жж. – Жезқазған облыстық комитетінің сыртқы экономикалық байланыс комитетінің жетекші маманы, бөлім бастығы, төрағасының орынбасары, төрағасы.

1995-1999 жж. – Қазақстан Республикасы парламент сенатының депутаты.

1999-2001 жж. – Қазақстан Республикасының парламентіндегі ҚР үкіметінің өкілі.

2001-2003 жж. – Қазақстан Республикасы премьер-министрі кеңсесі басшысының орынбасары – Қазақстан Республикасының парламентіндегі ҚР үкіметінің өкілі.

2003-2006 жж. – Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі.

2006-2007 жж. – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің азаматтық авиация комитетінің төрағасы.

2007-2012 жж. – Қазақстан Республикасы премьер-министрі кеңсесі басшысының орынбасары – Қазақстан Республикасының парламентіндегі ҚР үкіметінің өкілі.

2012-2017 жж. – Қазақстан Республикасы премьер-министрі кеңсесінің басшысы.

2017-2019 жж. – Қарағанды облысының әкімі.

2019 жылғы 18 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ерлан Қошанов

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір