• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

11 Қазан, 07:11:20
+8°

Президент Қ.Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесте жемқорлықты жою бағытындағы бірқатар шараларды таныстырды.

– Еліміздің құқықтық жүйесі үшін мүлде жаңа институттар бар. Мемлекеттік қызметшілердің жылжымайтын мүлік, автокөлік және басқа да қымбат дүниелер сатып алуы қатаң бақылауға алынады. Сонымен қатар, шенеуніктердің адалдығын тексеруге арналған "Integrity check" (тексеру әдісі) әдісін атап өтуге болады. Әрине, бұл ұсынысты әлі де жан-жақты пысықтау қажет. Дегенмен, халықаралық тәжірибеде мұндай тексерістер жақсы нәтиже көрсетуде. Басқа да бірқатар маңызды шараларды жүзеге асыруымыз керек. Сондықтан, бүгін маған таныстырылған тұжырымдаманың жобасын бекітемін. Алайда, жұмыстың тиімділігін нақты нәтиже бойынша бағалайтын боламын.  

Түпкі мақсат – сыбайлас жемқорлықтан таза қоғам қалыптастыру. Жемқорлықты жою үшін оған бүкіл ел  болып  қарсы тұруымыз керек. Оған қоса заңнамалық шаралар қабылдауға тиіспіз. Сонымен бірге, жемқорлыққа қатысты  қылмыстарды анықтау және ашу жөніндегі  жұмыстарды  күшейту қажет. Сонда ғана жемқорлықпен табанды түрде күресе аламыз, – деді ол.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: жемқорлықпен күрес

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір