• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Шілде, 13:55:57
Алматы
+35°

"Amnesty International" жаңа баяндамасында Израиль палестиналықтарға төмен нәсілдік топ ретінде қарағанын, яғни "палестиналықтарға қарсы апартеид қылмысын" жасап жатқанын мәлімдеді. 

Сейсенбіде жарияланған жетекші құқық қорғау тобының 280 беттік есебі Израиль билігінің палестиналықтарға қарсы қысым мен үстемдік жүйесін қалай қолданатыны туралы егжей-тегжейлі баяндайды.

Ол жерде палестиналықтарды заңсыз өлтіру, жері мен мүлкін кең көлемде басып алу, күштеп көшіру, жүріс-тұрыстарын шектеу, әкімшілік қамауға алу және палестиналықтарды азаматтықтан бас тартуға мәжбүрлеу сияқты Израиль тарапының зорлық-зомбылықтарының тізімі жарияланды.

Бұл – халықаралық құқық бойынша, апартеидтік жүйенің белгісі ретінде сипатталады.

"Amnesty International" мұны апартеидтің белгілері бар адамзатқа қарсы қылмыс екенін айтып, айыптады.

Израильдің сыртқы істер министрі және вице-премьер-министрі Яир Лапид бұл есепті "шындыққа жанаспайды" деп қабылдамады.

Ол сондай-ақ халықаралық құқық қорғау ұйымын антисемиттік белгісі бар деп айыптады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Израиль

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір