• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Қазан, 11:33:13
Алматы
+8°

Сенат депутаттары Ұлттық банк төрағасы лауазымына Ғалымжан Пірматовтың кандидатурасын мақұлдады.

"Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Олжаұлы Пірматовты тағайындауға ұсыныс енгізді. Оның қаржы және бюджет саласында мол тәжірибесі бар. Сенат регламентіне сәйкес ұсынылған кандидатура қаржы және бюджет комитетінің отырысында талқыланды" деді сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Ғалымжан Пірматовтың өзі денсаулығына байланысты сенат отырысына келе алмады. Президент әкімшілігінің бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов оның коронавирустан емделіп жатқанын айтты.

Бұған дейін Ұлттық банктің төрағасы лауазымында болған Ерболат Досаев жақында Алматы қаласының әкімі қызметіне тағайындалған.

Ғалымжан Пірматов 1972 жылғы 24 сәуірде дүниеге келген. 1993 жылы Новосібір мемлекеттік университетін "Механика, қолданбалы математика" мамандығы бойынша бітірген.

2005-2007 жылдары "Қазақстан Халық Банкі" АҚ жобалық қаржыландыру басқармасының бастығы, инвестициялық банкинг департаментінің басқарушы директоры лауазымдарын атқарған.

2007 жылы желтоқсанда Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі лауазымында болды.

2009 жылдың наурыз-шілде аралығындағы "БТА Банк" АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары, басқарма мүшесі болды.

2009-2011 жылдар аралығындағы кезеңде "ҚазАтомӨнеркәсіп" ҰАК" АҚ Экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті лауазымын атқарған.

2015-2017 жылдары Ұлттық банк төрағасының орынбасары болды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір