• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Қазан, 00:53:48
Алматы
+8°

"Америка Құрама Штаттары НАТО-ның "мықты қорғанысын" қамтамасыз ету үшін Еуропаға қосымша 2000 сарбазын жіберді, сонымен қатар, Германиядан Румынияға тағы 1000 сарбазын қайта орналастырып жатыр" деп хабарлады Пентагон.

Вашингтон мен Мәскеу арасындағы жуырдағы келіссөздер шиеленісті бәсеңдете алмаған.

АҚШ Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Джон Кирби журналистерге әскерлер жақын арада жіберілетінін айтты. Оның сөзінше, бұл өткен аптада Пентагон айтқан 8500 сарбаздан бөлек жауынгерлер.

"Бұл – күш агрессияны болдырмауға және майдандағы одақтас мемлекеттердің қорғаныс қабілетін арттыруға арналған" деді Джон Кирби. 

Пентагон баспасөз хатшысының айтуынша, Ресей президенті Владимир Путин соңғы 24 сағаттың өзінде шекараларда әскери күштерді көбейтіп жатыр. Ресейдің батысы мен Беларусьте, Жерорта теңізі мен Атлант мұхитының солтүстігіне ресейлік сарбаздар жіберіліп, шабуылдау қаупін арттыруда.

"Путин шиеленісті бәсеңдетуге мүдделі екенін көрсеткен жоқ" деді Кирби. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ресей АҚШ Украина

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір