• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 20:41:30
Алматы
+12°

Қытайда өмір бойына бас бостандығынан айырылған Ақжарқын Тұрлыбайдың жазасы биыл қайта қаралуы мүмкін. Бұл туралы оның адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

Заңгердің айтуынша, қазір Ақжарқын Тұрлыбай тұрақты түрде отбасымен хабарласып, хат алмасып тұрады, керек-жарағын сатып алуға да мүмкіндігі бар.  

Сондай-ақ ол Ақжарқынның елге қашан оралуы мүмкін екенін айтты. 

– Сотталған Қазақстан азаматтарын елге қайтару мәселесі екіжақты келісімнің аясында реттеледі. Мұндай келісім барлық мемлекеттерде жоқ. Өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын бас бостандығынан айыруға қайта қарау туралы шешім Тұрлыбайды елге қайтаруға тікелей септігін тигізеді. Қазақстанның бас прокуратурасына сотталған азаматты қайтару туралы қолдаухат жіберу керек. Оны 2016 жылдың сәуірінде жолдап қойдық. Маңызды мәселе, биыл жаза қайта қаралуы мүмкін. Естеріңізге сала кетейін, 2019 жылдың қыркүйегінде Тоқаев Қытайды ізгілік танытып, Ақжарқынды елге қайтаруға жәрдемдесуге шақырды, – деді Сұңқар Нұрмағамбетов.

 

Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурыз айында Гуанчжоу әуежайында ұсталып, 2015 жылы есірткі контрабандасымен айналысты деген айыппен өмір бойына бас бостандығынан айырылған болатын. 

Сотта Ақжарқын шетелдік досы алдап кеткенін айтып, кінәсін мойындамаған. 2016 жылы сот шешімі жойылып, іс қайта қарауға жіберілді. Араға 3 жыл салып, 2019 жылдың 27 желтоқсанында Гуанчжоу соты үкім шығарды. Алайда жаза өзгеріссіз қалды.

2019 жылы қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға сапары кезінде ізгілік танытып, Ақжарқынды Отанына қайтаруға жәрдемдесуге шақырды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір