• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:35:50
Алматы
+35°

Ресей мен Қытай НАТО-ның одан әрі кеңеюіне қарсы тұру үшін тізе қосты.

Бейжіңдегі қысқы олимпиада ойындары кезінде Қытай мен Ресейдің көптеген мәселелер бойынша келісімдерін көрсететін мәлімдеме жарияланды.

Путин "Батыс державалары Ресейді күйрету үшін НАТО одағын пайдаланып жатыр" деп мәлімдеді.

Ресей Украинамен шекарада 100 мыңға жуық сарбазын орналастырған. Орыстар мен украиндарды "бір ұлт" деген Путин Украинаның НАТО-ға кіруіне тыйым салуды талап етті.

Кремль "өте жақсы" деп мәлімдеген келіссөздер ойындардың ашылу салтанаты қарсаңында өтті. Бұл көшбасшылардың пандемия басталғалы бері бірінші рет бетпе-бет кездесуі.

"[Ресей мен Қытай] арасындағы достықтың шегі жоқ" делінген хабарламада.

Екі ел АҚШ, Ұлыбритания және Австралия арасындағы Аукус қауіпсіздік пактісіне "қатты алаңдаушылық" білдірді.

Мәскеу сонымен қатар Бейжіңнің "Бір Қытай" саясатын қолдайтынын мәлімдеді.

Дегенмен, Тайвань өзін конституциясы және демократиялық жолмен сайланған көшбасшылары бар тәуелсіз ел ретінде санайды.

АҚШ сәрсенбіде "Ресей Украинаға шабуыл жасау үшін украиндердің жалған шабуылын жоспарлап отыр" деп айыптады.

Ресей шабуыл жасауды жоспарлап отырғанын жоққа шығарды, ал АҚШ бұл мәлімдемені растайтын дәлелдер келтірмеді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ресей Қытай НАТО

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір