• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 03:41:16
Алматы
+35°

Қысқы олимпиада ойындарында шаңғымен тұғырдан секіру спорты бойынша іріктеу сындары басталды. Аталған санат бойынша Қазақстан құрамасынан екі спортшы жарыс жолына шықты, деп хабарлады Olympic.kz.

"Ерлер арасында орташа трамплинде өткен додаға Сергей Ткаченко мен Данил Васильев қатысты. Қос қазақстандық атлет те бірінші іріктеу сынына жолдама алды" делінген хабарламада. 

Сергей Ткаченко 43.1 ұпайға, Данил Васильев 46.2 ұпайға ие болды. 

Келесі іріктеу кезең ертең, 6 ақпан күні елорда уақытымен сағат 17:00-де басталады. 

Бүгінгі сайысқа 53 спортшы қатысты. Ережеге сәйкес, 50 спортшы келесі кезеңге өтті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір