• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Қазан, 00:58:26
Алматы
+8°

Франция президенті Эммануэль Макрон Украинадағы соғысты болдырмау туралы келісімге қол жеткізу мүмкін деп санайтынын және Ресей өзінің қауіпсіздік мәселелерін көтеруі заңды екенін айтты.

Дүйсенбі күні Эммануэль Макрон Мәскеуде Владимир Путинмен келіссөздер өткізеді. Ол еуропалық мемлекеттерді қорғау үшін және Ресейді тыныштандыру үшін "жаңа баланс" керек екенін мәлімдеді.

Макрон "Journal du Dimanche" газетіне берген сұхбатында Ресейдің мақсаты "Украина емес, НАТО мен ЕО-ға ережелерді түсіндіру" екенін айтты.

Ол Ресей президентімен диалогы "әскери қақтығыстың алдын алу үшін жеткілікті болады" деп үміттенетінін жеткізді және Путиннің көбірек мәселелерді талқылайтынына сенімі зор екенін жариялады.

BBC ақпаратына сәйкес, Франция президенті жексенбіде АҚШ президенті Джо Байденмен де сөйлескен. Макрон "Мәскеу жағдайды ушықтыратын біржақты шаралар қабылдайды" деп күтпейтінін ескерткен және Ресейдің өз алаңдаушылығын білдіруге құқығы бар екенін айтқан.

Макрон Ресеймен диалог орнату "ешбір еуропалық мемлекеттің әлсіздігі" емес екенін де атап өтті.

"Біз еуропалық бауырластарымыздың егемендігі мен бейбітшілігін қорғауымыз керек. Алайда ол жаңа балансты ұсыну арқылы жүзеге асуға тиіс. Ресейді құрметтей отырып, ұлы халық пен олардың қазіргі күйзелістерін түсіну арқылы келісім жасалуы керек" деді ол.

Франция президенті бұған дейін Ресеймен қарым-қатынасты қайта қарауға шақырған. Қаңтар айында Макрон Еуроодақ Вашингтонға сенбей, Мәскеумен өз диалогын бастауы керектігін айтқан.

Ал, АҚШ үкіметі Ресейдің Украинаға кез келген уақытта басып кіруі мүмкін екенін тағы да ескертті.

Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан жексенбі күні "Fox News" арнасына "Ресей қазір кез келген күні Украинаға қарсы әскери әрекетке баруы мүмкін немесе шабуыл екі аптадан кейін болуы мүмкін" деп сұхбат берген.

АҚШ-тың екі шенеунігі бұған дейін "Reuters" агенттігіне Ресейдің Украинаға толыққанды басып кіруі үшін қажетті әскери әлеуеттің шамамен 70 пайызын дайындағанын айтқан.

Ресей армиясы Украинаның шекара маңына жиналған, бірақ Мәскеу Украинаға басып кіруді жоспарлап отырғанын жоққа шығарады.

Мәскеу НАТО-ға бірқатар талаптар қойды. Талаптар бойынша, НАТО қорғаныс альянсы Украинаны мүшелікке қабылдамауы тиіс және Шығыс Еуропадағы әскери ықпалын азайтуы керек.

Батыс елдері мұны қабылдамады, оның орнына келіссөздердің басқа салаларын, мысалы, ядролық қаруды қысқарту туралы келіссөздерді ұсынды.

Украина дағдарысына байланысты батыс елдері мен Ресей арасындағы шиеленіс қалай өрбіп жатыр: 

  • "Ресей Украинаға басып кіру үшін сылтау дайындап жатыр" деп хабарлады Әл-Жазира телеарнасы.
  • "Ресей Украинаға басып кіруі мүмкін" деген қауіп күшейген кезде АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Еуропаға барды
  • "Барлық нұсқа тыс қалмайды. Дипломатиялық нұсқа да". АҚШ мемхатшысы Еуропаға неге бара жатыр?
  • Джо Байден Ресей Украинаға шабуыл жасаса, Мәскеуді "апат" күтіп тұрғанын ескертті.
  • АҚШ барлау агенттері Ресей Украинаға қашан шабуылдауы мүмкін екенін жариялады.
  • Ресей соғыс ұшақтары Киевке жақын Беларусь еліне жиналды.
  • Ағылшын саясаткері Ресей Украинаға басып кіретіні сөзсіз екенін және шабуыл жақын арада болатынын мәлімдеді.
  • АҚШ, Ұлыбритания Украинаға қару-жарақ жіберіп жатыр.
  • Дания, Испания, Франция және Нидерланды Шығыс Еуропаға жойғыш ұшақтар мен әскери кемелер жіберуде.
  • Ресей ықтимал шабуыл туралы ақпараттарды жоққа шығарды.
  • Германия қазірге Украинаға қару-жарақ бермейтінін айтты бірақ медициналық көмек көрсететінін жариялады.
  • Екі жақ (Батыс-Ресей) соғысқа дайындықпен қоса, дипломатиялық келісімге келуге тырысуда.
  • Франция мен Германия Ресейді диалогқа шақырды.
  • Ресей, Украина, Германия және Франция дипломаттары келіссөз жүргізді.
  • Батыс елдері Украинаға шабуыл жасалса, зардабы ауыр болатынын мәлімдеді.
  • АҚШ өз азаматтарын Украинадан шығып кетуге шақырды.
  • "Біз қалай болса да дайынбыз". НАТО Ресейдің талабын тойтарды.
  • Байден: Бұл – екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең ірі шабуыл болуы мүмкін
  • Байден Ресейдің Украинаға қашан шабуыл жасайтынын айтты.
  • Вашингтон Ресей құбырын жауып, БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізетінін жариялады.

  • БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің отырысы барысында Ресей мен АҚШ өкілдері сөзге келіп қалды.
  • Ресей өкілі Киевтің "өз түбіне өзі жететінін" айтты.
  • Вашингтон мен Мәскеу арасындағы келіссөздер шиеленісті бәсеңдете алмады.
  • АҚШ Еуропаға көбірек әскер жіберетінін жариялады.
  • Ресей Вашингтонның Еуропаға көбірек әскер жіберу шешімін айыптады.
  • АҚШ: Ресей Украинаға басып кіруге 70% дайын. Киев бірнеше күнде қирайды.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ресей Франция НАТО

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір