• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

06 Желтоқсан, 19:03:29
Алматы

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өткен жылы білім және ғылым саласында қабылданған кейбір маңызды шаралар туралы айтты.

– Педагогтерді жұмысқа қабылдаудың жаңа қағидалары әзірленіп, қабылданды. Қысқаша айтқанда, бұдан былай директорлардың өз қалауы бойынша мұғалімдерді өзі жұмысқа қабылдауға мүмкіндігі болмайды. Енді нақты критерийлер белгіленіп, мұғалімдер жұмысқа қызметінің нәтижесі мен жетістіктері негізінде конкурс арқылы орналасады. Биыл бұл рәсім цифрлық форматқа көшіріледі, – деді министр әлеуметтік желідегі парақшасында

Сондай-ақ ол енді педагогикалық мамандыққа кез келген мектеп түлегі түсе алмайды. Себебі педагогикалық бағытқа дайындықтың барлық бағыттарына ҰБТ-ның ең жоғары шекті балы белгіленген.

– Педагогикалық бағытта білім беретін жоғары оқу орындарының түлектері үшін міндетті тестілеу енгізілді. Енді дайындығы нашар үміткерлер мұғалім болып жұмысқа орналаса алмайды. Яғни педагогикалық білім туралы дипломның болуы енді жұмысқа бірден орналасуға кепілдік бермейді. Балалармен жұмыс істей білу өте маңызды және жауапты міндет болғандықтан, алдымен тәуелсіз тестілеуден өту керек. Мұндай сыртқы емтиханды 2021 жылы шамамен 40 мың түлек тапсырды. Олардың ішінде шекті балл жинағандар ғана мектепте жұмыс істеуге мүмкіндік алды. Енгізілген бұл жаңашылдық жоғары оқу орындары жұмысының сапасын да көрсетті. 36 университет осы мамандық бойынша дайындау бойынша лицензиясынан айырылды, – деді Аймағамбетов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір