• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Қазан, 01:39:13
+8°

АҚШ президенті Джо Байден Мәскеу Украинаға басып кіретін болса, Ресейдің Германияға баратын негізгі газ құбырын жабуға уәде берді.

Вашингтонда Германия канцлері Олаф Шольцпен өткен келіссөздерден кейін Байден АҚШ "Солтүстік ағын 2" құбырын тоқтатады" деп мәлімдеді.

Ал, Франция президенті Эммануэль Макрон Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездесіп, соғысты болдырмау мәселелерін қарастырып жатыр.

Батыс елдері Ресейдің басқыншылығынан алаңдайды, алайда Мәскеу Украинаға шабуыл жасамайтынын айтады.

Қазір Украина шекарасында Ресейдің 100 мыңнан астам әскері орналасқан.

АҚШ шенеуніктері жексенбі күні Ресей толық ауқымды басып алу үшін қажетті әскери күштердің 70 пайызын дайындағанын хабарлады.

Соңғы апталарда Мәскеу Батыс әскери альянсы НАТО-дан Украинаның оған мүше болуына тыйым салуды және ұйымның Шығыс Еуропадағы әскер санын қысқартуды талап етті.

НАТО екі талапты да қабылдамады. Оның орнына ядролық қаруды шектеу сияқты басқа салалар бойынша келіссөздер жүргізуді ұсынды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: АҚШ Германия Ресей

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір