• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Желтоқсан, 12:51:31
Алматы
+7°

Франция президенті Эммануэль Макрон журналистерге Мәскеудің Украина дағдарысын одан әрі ушықтырмайтынын айтқанын мәлімдеді.

Макрон Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен жүргізген алты сағаттық келіссөздерден кейін Украина астанасы Киевке барған.

Украина президенті Владимир Зеленскиймен өткен баспасөз мәслихатында Макрон Ресей мен Украина арасындағы келіссөздерді алға жылжытуға мүмкіндік бар екенін және шиеленісті азайтудың нақты шешімдерін көре алатынын айтты.

"Жағдайдың нашарлауы немесе шиеленісуі болмайтынына кепілдік бар" деді Макрон.

Дегенмен, Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков "қазіргі жағдайда Мәскеу мен Париж ешқандай келісімге келе алмайтынын" айтты.

Содан кейін Макрон Берлинге ұшып кетті. Онда ол Германия және Польша басшыларымен бірге Украинаның егемендігін қолдайтынын білдірді.

Көшбасшылар "Веймар үшбұрышы" тобының саммиті аясында Еуропаның қазіргі кездегі қиындықтарын талқыламақ. "Веймар үшбұрышы" 31 жыл бұрын "қырғи-қабақ соғыс" аяқталғаннан кейін құрылған.

Франция президенті барлық тараптарды сабырлы болуға шақырды. Макронның сөзінше, Путин де, Зеленский де оған 2014 жылғы бітімгершілік келісімінің принциптерін ұстанатындарын айтқан. Макрон "Минск келісімдері" деп аталатын бұл келісім олардың жалғасып жатқан дауларын шешуге жол ұсынатынын жеткізді.

Путин Макронның кейбір ұсыныстары "бұдан әрі бірлескен қадамдарға негіз бола алады" деді, бірақ толық келісім туралы айтуға әлі ерте екенін де ескертті.

Қазіргі уақытта Украинаның солтүстік шекарасы маңында Ресей мен Беларусьтің бірлескен әскери жаттығулары өтізуге дайындалып жатыр. Француз шенеуніктерінің журналистерге берген ақпараты бойынша, Мәскеу әскери жаттығу аяқталған соң орыс әскерін Беларусьтен шығаруға келіскен.

Мәскеу НАТО-ға бірқатар талаптар қойды. Ол бойынша, НАТО қорғаныс альянсы Украинаны мүшелікке қабылдамауы және Шығыс Еуропадағы әскери ықпалын азайтуы керек.
 
Батыс елдері мұны қабылдамады, оның орнына келіссөздердің басқа салаларын, мысалы, ядролық қаруды қысқарту туралы келіссөздерді ұсынды.

Украина дағдарысына байланысты батыс елдері мен Ресей арасындағы шиеленіс қалай өрбіп жатыр: 

  • "Ресей Украинаға басып кіру үшін сылтау дайындап жатыр" деп хабарлады Әл-Жазира телеарнасы.
  • "Ресей Украинаға басып кіруі мүмкін" деген қауіп күшейген кезде АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Еуропаға барды
  • "Барлық нұсқа тыс қалмайды. Дипломатиялық нұсқа да". АҚШ мемхатшысы Еуропаға неге бара жатыр?
  • Джо Байден Ресей Украинаға шабуыл жасаса, Мәскеуді "апат" күтіп тұрғанын ескертті.
  • АҚШ барлау агенттері Ресей Украинаға қашан шабуылдауы мүмкін екенін жариялады.
  • Ресей соғыс ұшақтары Киевке жақын Беларусь еліне жиналды.
  • Ағылшын саясаткері Ресей Украинаға басып кіретіні сөзсіз екенін және шабуыл жақын арада болатынын мәлімдеді.
  • АҚШ, Ұлыбритания Украинаға қару-жарақ жіберіп жатыр.
  • Дания, Испания, Франция және Нидерланды Шығыс Еуропаға жойғыш ұшақтар мен әскери кемелер жіберуде.
  • Ресей ықтимал шабуыл туралы ақпараттарды жоққа шығарды.
  • Германия қазірге Украинаға қару-жарақ бермейтінін айтты бірақ медициналық көмек көрсететінін жариялады.
  • Екі жақ (Батыс-Ресей) соғысқа дайындықпен қоса, дипломатиялық келісімге келуге тырысуда.
  • Франция мен Германия Ресейді диалогқа шақырды.
  • Ресей, Украина, Германия және Франция дипломаттары келіссөз жүргізді.
  • Батыс елдері Украинаға шабуыл жасалса, зардабы ауыр болатынын мәлімдеді.
  • АҚШ өз азаматтарын Украинадан шығып кетуге шақырды.
  • "Біз қалай болса да дайынбыз". НАТО Ресейдің талабын тойтарды.
  • Байден: Бұл – екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең ірі шабуыл болуы мүмкін
  • Байден Ресейдің Украинаға қашан шабуыл жасайтынын айтты.
  • Вашингтон Ресей құбырын жауып, БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізетінін жариялады.

  • БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің отырысы барысында Ресей мен АҚШ өкілдері сөзге келіп қалды.
  • Ресей өкілі Киевтің "өз түбіне өзі жететінін" айтты.
  • Вашингтон мен Мәскеу арасындағы келіссөздер шиеленісті бәсеңдете алмады.
  • АҚШ Еуропаға көбірек әскер жіберетінін жариялады.
  • Ресей Вашингтонның Еуропаға көбірек әскер жіберу шешімін айыптады.
  • АҚШ: Ресей Украинаға басып кіруге 70% дайын. Киев бірнеше күнде қирайды.
  • Франция президенті: Ресеймен соғыссыз келісімге келе аламыз.
  • АҚШ пен Германия Ресейді қалай "жазалауға" келісті.
  • Ұлыбритания санкцияларды қолдайтынын білдірді.
  • Сейсенбіде Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон The Times газетінде Ұлыбританияның аймаққа Корольдік әуе күштерінің жойғыштары мен Корольдік теңіз флотының әскери кемелерін орналастыру мүмкіндігін қарастырып жатқанын айтты.
  • Еуропа: Ең қауіпті сәтте тұрмыз
  • Макрон шиеленісті бәсеңдетуге кепілдік бар екенін мәлімдеді.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір