• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Сәуір, 01:57:14
Алматы
+35°

Ресей Беларусьте 10 күндік әскери жаттығуларды бастайды. Кейбір сарапшылар мұны "Мәскеудің Украина мен Батысқа соғыс ықтималдығын білдіру үшін жасаған күш көрсетуі" екенін айтады. 

Ресейлік күштер мен техника Беларуське қаңтардың ортасында келе бастады, шамамен 30 000 әскер "Одақтастардың шешімі" деп аталатын жаттығуларға қатысады деп күтілуде.

НАТО мұны қырғи-қабақ соғыстан бергі "әскерилерді Беларусь еліне ең ірі орналастыру" деп атады.

Оқу-жаттығулардың "белсенді кезеңі" бейсенбіде басталады. 

"Одақтастардың шешімі" кезінде НАТО-ның шабуылын имитациялау үшін әуе күштері мен құрлық әскерлерінің кең ауқымды маневрлері болады деп болжануда.

АҚШ пен НАТО "бұл жаттығулар нақты шабуылға немесе Беларусь шекарасынан оңтүстікке қарай 150 шақырым жерде орналасқан Киевті басып алуға дайындық" деп ескертті; 2014 жылы Қырым аннексияланар алдында да Ресейдің әскери жаттығулары өткен.

Әл-Жазира телеарнасына сұхбат берген сарапшылар жаттығулар кезінде толық ауқымды басып кіру немесе шабуыл жасау екіталай екенін айтты, бірақ шиеленіс кезінде екі жақтың қате қадамы әскери әрекетке соқтыруы мүмкін екенін жоққа шығармады.

"Әскери дайындық Польша мен Литваға және Украинаның солтүстігіне қауіп төндіруге бағытталған. Ресей Киевті басып алуы мүмкін операцияны жүргізуге қауқарлы" деді бұрынғы украин дипломаты және қорғаныс стратегиялары орталығының қауіпсіздік саясаты бойынша сарапшысы Александр Хара.

"Maxar Technologies" компаниясы жасандысеріктен түсірген суреттер 4 ақпанда Украина шекарасынан шамамен 50 км қашықтықта орыс әскери техникасы, зымырандар, зымыран тасығыштар және шабуылдаушы ұшақтар бар екенін көрсетті.

Сейсенбі күні Украина түрік құрастырған Байрактар дронын, сондай-ақ Ұлыбританиядан жақында алынған танкіге қарсы қару-жарақтарды сынау үшін елдің түкпір-түкпірінде өз жаттығуларын өткізетінін хабарлады.

Мәскеу алдағы апталарда оңтүстік аймақтарында ауқымды танк жаттығуларын өткізу жоспарын жариялады.

Ресей Молдованың Мәскеушіл сепаратистік Приднестровье сияқты аймақтарда шағын әскери жаттығулар өткізіп үлгерді.

Кремльдің баспасөз хатшысы сейсенбіде Ресей оқу-жаттығулар аяқталғаннан кейін Беларусьтен әскерін шығаруды жоспарлап отырғанын айтты.

Алайда, Бейжің қысқы олимпиадасы бітетін 20 ақпан әскери шиеленістің ықтимал күні деп болжануда.

"Менің ойымша, Ресей соғыс әлеуеті бар екенін анық білдіргісі келеді. Мәскеу (соғыс) қандай болуы мүмкін екеніне дайындалады" деді "Newlines" институтының геосаяси сарапшысы және бұрынғы Еуразия сарапшысы Евгений Чаусовский.

Дағдарысқа АҚШ пен Ұлыбританиядан гөрі толеранттылық танытқан Франция президенті Эммануэль Макрон осы аптада Мәскеу мен Киевке барған. Ол шиеленісті азайтуға тырысып жатыр.

Ресей президенті Путин және Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездескеннен кейін Макрон "келіссөздерді әрі қарай жалғастыру мүмкін" деп санайтынын айтты.

Мәскеу НАТО-ға бірқатар талаптар қойды. Ол бойынша, НАТО қорғаныс альянсы Украинаны мүшелікке қабылдамауы және Шығыс Еуропадағы әскери ықпалын азайтуы керек.
 
Батыс елдері мұны қабылдамады, оның орнына келіссөздердің басқа салаларын, мысалы, ядролық қаруды қысқарту туралы келіссөздерді ұсынды.

Украина дағдарысына байланысты батыс елдері мен Ресей арасындағы шиеленіс қалай өрбіп жатыр: 

  • "Ресей Украинаға басып кіру үшін сылтау дайындап жатыр" деп хабарлады Әл-Жазира телеарнасы.
  • "Ресей Украинаға басып кіруі мүмкін" деген қауіп күшейген кезде АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Еуропаға барды
  • "Барлық нұсқа тыс қалмайды. Дипломатиялық нұсқа да". АҚШ мемхатшысы Еуропаға неге бара жатыр?
  • Джо Байден Ресей Украинаға шабуыл жасаса, Мәскеуді "апат" күтіп тұрғанын ескертті.
  • АҚШ барлау агенттері Ресей Украинаға қашан шабуылдауы мүмкін екенін жариялады.
  • Ресей соғыс ұшақтары Киевке жақын Беларусь еліне жиналды.
  • Ағылшын саясаткері Ресей Украинаға басып кіретіні сөзсіз екенін және шабуыл жақын арада болатынын мәлімдеді.
  • АҚШ, Ұлыбритания Украинаға қару-жарақ жіберіп жатыр.
  • Дания, Испания, Франция және Нидерланды Шығыс Еуропаға жойғыш ұшақтар мен әскери кемелер жіберуде.
  • Ресей ықтимал шабуыл туралы ақпараттарды жоққа шығарды.
  • Германия қазірге Украинаға қару-жарақ бермейтінін айтты бірақ медициналық көмек көрсететінін жариялады.
  • Екі жақ (Батыс-Ресей) соғысқа дайындықпен қоса, дипломатиялық келісімге келуге тырысуда.
  • Франция мен Германия Ресейді диалогқа шақырды.
  • Ресей, Украина, Германия және Франция дипломаттары келіссөз жүргізді.
  • Батыс елдері Украинаға шабуыл жасалса, зардабы ауыр болатынын мәлімдеді.
  • АҚШ өз азаматтарын Украинадан шығып кетуге шақырды.
  • "Біз қалай болса да дайынбыз". НАТО Ресейдің талабын тойтарды.
  • Байден: Бұл – екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең ірі шабуыл болуы мүмкін
  • Байден Ресейдің Украинаға қашан шабуыл жасайтынын айтты.
  • Вашингтон Ресей құбырын жауып, БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізетінін жариялады.

  • БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің отырысы барысында Ресей мен АҚШ өкілдері сөзге келіп қалды.
  • Ресей өкілі Киевтің "өз түбіне өзі жететінін" айтты.
  • Вашингтон мен Мәскеу арасындағы келіссөздер шиеленісті бәсеңдете алмады.
  • АҚШ Еуропаға көбірек әскер жіберетінін жариялады.
  • Ресей Вашингтонның Еуропаға көбірек әскер жіберу шешімін айыптады.
  • АҚШ: Ресей Украинаға басып кіруге 70% дайын. Киев бірнеше күнде қирайды.
  • Франция президенті: Ресеймен соғыссыз келісімге келе аламыз.
  • АҚШ пен Германия Ресейді қалай "жазалауға" келісті.
  • Ұлыбритания санкцияларды қолдайтынын білдірді.
  • Сейсенбіде Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон The Times газетінде Ұлыбританияның аймаққа Корольдік әуе күштерінің жойғыштары мен Корольдік теңіз флотының әскери кемелерін орналастыру мүмкіндігін қарастырып жатқанын айтты.
  • Еуропа: Ең қауіпті сәтте тұрмыз
  • Макрон шиеленісті бәсеңдетуге кепілдік бар екенін мәлімдеді.
  • НАТО: Бұл Ресейдің Киевті басып алуға дайындығы

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: НАТО Ресей Украина

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір