• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 06:24:00
Алматы
+12°

Әлемдік көшбасшылар Украинаға қатысты дағдарысты шешу үшін дипломатиялық келісулерді жалғастыруда.

Бейсенбі күні кешке Украина мен Ресей Украинаның шығысындағы сепаратистік қақтығысты тоқтатуға бағытталған француз және неміс шенеуніктерімен өткен бір күндік келіссөзде ешқандай нәтижеге қол жеткізе алмағанын хабарлады.

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров баспасөз мәслихатында келіссөздер "көңіл қалдырды" деді.

Қазіргі шиеленіс Ресей Украинаның оңтүстігіндегі Қырым түбегін аннексиялап алғаннан кейін сегіз жыл өткен соң болып отыр. Содан бері Украина әскері Ресей шекарасына жақын шығыс аудандарда Мәскеу қолдайтын көтерілісшілермен соғысуда.

Бұған дейін Мәскеу мен Киевке барған Франция президенті Эмманюэль Макрон дағдарысқа байланысты Украинамен де, Ресеймен де келіссөздерді дамытуға "мүмкіндік бар" екенін мәлімдеген. 

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон "күшті тежеу" және "шыдамды дипломатия" дағдарыстан шығудың жолын таба алады деп үміттенетінін айтқан, бірақ оның сенімінше қауіп те "өте жоғары".

Брюссельде НАТО бас хатшысы Йенс Столтенбергпен бірге өткізген баспасөз мәслихатында Джонсон Ресейдің Украинаға басып кірмейтіні туралы шешім қабылдағанына сенбейтінін айтты.

Бүгін Мәскеуде Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу мен Ұлыбритания қорғаныс министрі Бен Уоллес кездеседі.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір