• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Қазан, 00:29:12
+8°

АҚШ президенті Украина дағдарысына байланысты Ресеймен дүниежүзілік соғыс болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Ол сонымен қатар, АҚШ азаматтарын Украинадан дереу шығып кетуге шақырды.

"Америка азаматтары қазір кетуі керек. Біз әлемдегі ең үлкен армиялардың бірімен текетіресте тұрмыз. Бұл мүлде басқа жағдай және бәрі сұрапыл болуы мүмкін" деп сұхбат берді АҚШ президенті Джо Байден NBC News телеарнасына.

"Соғыс болса америкалықтарды құтқару үшін Украинаға әскер жіберуге итермелейтін сценарий бар ма?" деген сұраққа Байден "ондай сценарий жоқ. Америкалықтар мен Ресей бір-біріне оқ жаудырса, дүниежүзілік соғыс болады. Біз бұрын-соңды мүлде болмаған басқа дүниеге тап болдық" деді.

Әлемдік көшбасшылар Украинаға қатысты қазіргі дағдарысты бәсеңдету үшін дипломатиялық келіссөздерді жалғастыруда. Бірақ әзірге олар ешқандай келісімге қол жеткізе алмады.

Мәскеу НАТО-ға бірқатар талаптар қойды. Ол бойынша, НАТО қорғаныс альянсы Украинаны мүшелікке қабылдамауы және Шығыс Еуропадағы әскери ықпалын азайтуы керек.

Батыс елдері мұны қабылдамады, оның орнына келіссөздердің басқа салаларын, мысалы, ядролық қаруды қысқарту туралы келіссөздерді ұсынды.

Украина дағдарысына байланысты батыс елдері мен Ресей арасындағы шиеленіс қалай өрбіп жатыр: 

  • "Ресей Украинаға басып кіру үшін сылтау дайындап жатыр" деп хабарлады Әл-Жазира телеарнасы.
  • "Ресей Украинаға басып кіруі мүмкін" деген қауіп күшейген кезде АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Еуропаға барды
  • "Барлық нұсқа тыс қалмайды. Дипломатиялық нұсқа да". АҚШ мемхатшысы Еуропаға неге бара жатыр?
  • Джо Байден Ресей Украинаға шабуыл жасаса, Мәскеуді "апат" күтіп тұрғанын ескертті.
  • АҚШ барлау агенттері Ресей Украинаға қашан шабуылдауы мүмкін екенін жариялады.
  • Ресей соғыс ұшақтары Киевке жақын Беларусь еліне жиналды.
  • Ағылшын саясаткері Ресей Украинаға басып кіретіні сөзсіз екенін және шабуыл жақын арада болатынын мәлімдеді.
  • АҚШ, Ұлыбритания Украинаға қару-жарақ жіберіп жатыр.
  • Дания, Испания, Франция және Нидерланды Шығыс Еуропаға жойғыш ұшақтар мен әскери кемелер жіберуде.
  • Ресей ықтимал шабуыл туралы ақпараттарды жоққа шығарды.
  • Германия қазірге Украинаға қару-жарақ бермейтінін айтты бірақ медициналық көмек көрсететінін жариялады.
  • Екі жақ (Батыс-Ресей) соғысқа дайындықпен қоса, дипломатиялық келісімге келуге тырысуда.
  • Франция мен Германия Ресейді диалогқа шақырды.
  • Ресей, Украина, Германия және Франция дипломаттары келіссөз жүргізді.
  • Батыс елдері Украинаға шабуыл жасалса, зардабы ауыр болатынын мәлімдеді.
  • АҚШ өз азаматтарын Украинадан шығып кетуге шақырды.
  • "Біз қалай болса да дайынбыз". НАТО Ресейдің талабын тойтарды.
  • Байден: Бұл – екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең ірі шабуыл болуы мүмкін
  • Байден Ресейдің Украинаға қашан шабуыл жасайтынын айтты.
  • Вашингтон Ресей құбырын жауып, БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізетінін жариялады.

  • БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің отырысы барысында Ресей мен АҚШ өкілдері сөзге келіп қалды.
  • Ресей өкілі Киевтің "өз түбіне өзі жететінін" айтты.
  • Вашингтон мен Мәскеу арасындағы келіссөздер шиеленісті бәсеңдете алмады.
  • АҚШ Еуропаға көбірек әскер жіберетінін жариялады.
  • Ресей Вашингтонның Еуропаға көбірек әскер жіберу шешімін айыптады.
  • АҚШ: Ресей Украинаға басып кіруге 70% дайын. Киев бірнеше күнде қирайды.
  • Франция президенті: Ресеймен соғыссыз келісімге келе аламыз.
  • АҚШ пен Германия Ресейді қалай "жазалауға" келісті.
  • Ұлыбритания санкцияларды қолдайтынын білдірді.
  • Сейсенбіде Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон The Times газетінде Ұлыбританияның аймаққа Корольдік әуе күштерінің жойғыштары мен Корольдік теңіз флотының әскери кемелерін орналастыру мүмкіндігін қарастырып жатқанын айтты.
  • Еуропа: Ең қауіпті сәтте тұрмыз
  • Макрон шиеленісті бәсеңдетуге кепілдік бар екенін мәлімдеді.
  • НАТО: Бұл Ресейдің Киевті басып алуға дайындығы.
  • "Ондаған мың әскер қатысады". Бүгін Ресей-Беларусь біріккен әскери оқу-жаттығулары басталады.
  • Ресей, Украина, Франция және Германия ешқандай келісімге қол жеткізе алмады.
  • Мәскеу көрші Беларусьпен жаппай әскери жаттығуларын бастады.
  • Украина Ресейді "теңізге шығуымызға тосқауыл қойды" деп айыптады.
  • Байден Украинадағы америкалықтарды дереу елден кетуге шақырды
  • Байден: Бұл бұл дүниежүзілік соғыс болады. Біз бұрын-соңды мүлде болмаған басқа дүниеге тап болдық.

     

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Байден Ресей

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір