Тоқаев Жоғарғы сот судьясын қызметінен босатуды ұсынды

/image/2022/02/16/crop-185_26_540x720_620ccd14a2b31585847557.jpeg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сенатқа Жаңалсын Архарованы Жоғарғы сот судьясы қызметінен босатуды ұсынды, деп хабарлады парламенттің жоғарғы палатасының баспасөз қызметі.

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында президент ұсынысы қаралған.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысын қарап, сенат комитеті парламент сенатына Жоғарғы соттың судьясы Жаңылсын Баянқызы Архарованы отставкаға кетуіне байланысты қызметінен босатуды ұсыну туралы қорытынды шығарды" делінген хабарламада.

Жаңылсын Архарова аталған қызметті 2012 жылғы маусымнан бері атқарып келеді.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар