• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

09 Қараша, 02:25:20
Алматы
+12°

Фото: президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің facebook парақшасынан

Ертең, 17 ақпан күні сағат 20:30-да "QAZAQSTAN" ұлттық телеарнасынан президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты көрсетіледі. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
 
"Президент сұхбат барысында қасіретті қаңтар оқиғасының себеп-салдары мен алдағы уақытта жүзеге асырылатын саяси және әлеуметтік реформалар, Қазақстанның сыртқы саясаттағы стратегиялық серіктестерімен қарым-қатынастарына, қабылдаған шешімдеріне қатысты сауалдарға жауап береді" делінген ақпараттық хабарламада.
 
Президенттің жуырда ғана "Хабар" және "Хабар 24" телеарналарынан сұхбаты көрсетілген. Ол жерде сұхбат тек орыс тілінде жүреді. Бұл көптеген әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығын тудырған болатын. Сол кезде президенттің баспасөз хатшысы президент неге мемлекеттік емес, орыс тілінде сұхбат береді деген сауалға жауап беріп, сұхбат әлемдік аудиторияға арналғанын, сондықтан сұхбаттың мейлінше кең таралуы көзделгенін айтқан. Оның бұл сөздері қазақтілді ортада одан сайын наразылық тудырып, қызу талқыланған.
 
Берік Уәли сол мәлімдемесінде отандық БАҚ-қа берілетін келесі көлемді сұхбат міндетті түрде қазақ тілінде болады деген еді.
 
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Тоқаев сұхбат

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір