• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 00:11:24
Алматы
+12°
ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Ресей мен Украинадағы жағдайға қатысты бүгін 20:30-да "Qazaqstan" Ұлттық телеарнасына сұхбат береді.
 
"Бүгін Ресей Президенті Владимир Путин Донбаста арнайы әскери операция бастағанын жариялады. Қазір екі ел арасында әскери іс-қимылдар жүріп жатыр. Осы мәселеде Қазақстанның ұстанымы қандай екенін, сондай-ақ Қаңтар оқиғасына қатысты сауалдарға жауап береді" делінген қлттық арна хабарламасында.
 
Бүгін Ресей Украинаның шығысындағы Донбасс аймағын қорғаймыз деген желеумен арнайы әскери операция бастады. Украина мұны өзіне қарсы жасалған басқыншылық соғыс деп бағалауда.
 
Қазіргі уақытта Украинада әскери режим енгізілген. Түрлі ақпараттарда Украина шекарасына қарай Ресей жақтан көптеген әскери техника жылжып келе жатқаны айтылады.

Украина президенті Владимир Зеленский әлем елдеріне Путинге қарсы коалиция құруға шақыруда.

Украинаның төтенше жағдай қызметі Луганск облысында екі ауылды басқыншылар басып алғанын, Киев облысында әскери қару-жарақ қоймасы өртенгенін жариялады.

Сондай-ақ Украина тарапынан бір адам мерт болғаны хабарланды.

Оқи отырыңыз:

♦ Президент баспасөз хатшысының бүгінге жоспарланған сұхбаты кейінге қалды

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір