24 Ақпан, 2022 NEWS
Фото: Инсайдер UA телеграм каналы
Украина президенті Владимир Зеленский Ресей басқыншылығына байланысты брифинг өткізіп жатыр. Брифингтен Инсайдер UA телеграм каналы ақпарат таратуда.
Ақпарат ресурс мәліметінше, Зеленский бұған дейін істі болған Украина азаматтары қолына қару алып елді қорғау жасақтарына қосылатын болса, барлық санкцияларды тоқтататынын мәлімдегенін жазды.
Ресеймен дипломатиялық қарым-қатынас үзілгенін айтқан ол, ресейліктерді Украинамен соғысқа қарсылық білдіруге шақырған.
Сөзінше, Украинаның әскери күштері ауыр соғыс қимылдарын жүргізіп жатыр. "Қарсыласымызда адам шығыны бар, одан көп бола түседі. Өйткені олар біздің жерімізге басып кірді" деген ол Харьков қаласы түбінде ұрыс болып жатқанын, әскерилер танк шабуылын тойтарғанын жеткізді.
Украина президенті кеңсесінің штаттан тыс кеңесшісі Алексей Арестович "Счастье", "Мариуполь" қалалары азат етілгенін, Ресейдің көптеген бронетехникасы мен алтыншы ұшағы жойылғанын айтты.
Сондай-ақ ол Украина 40 жауынгерін жоғалтқанын мәлім етті.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір