24 Ақпан, 2022 NEWS
Фото: "Qazaqstan" Ұлттық телеарнасының facebook парақшасынан
Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің бүгінге жоспарланған сұхбаты кейінге шегерілді. Бұл туралы "Qazaqstan" Ұлттық телеарнасы хабарлады.
"ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы Берік Уәлидің «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасына бүгінге жоспарланған арнайы сұхбаты кейінге шегерілгенін хабарлаймыз" делінген телеарна жазбасында.
Бұған дейін Берік Уәли Ресей мен Украинадағы жағдайға қатысты бүгін 20:30-да "Qazaqstan" Ұлттық телеарнасына сұхбат беретіні хабарланған. Ол жерде Украинадағы жағдайға байланысты Қазақстанның ұстанымы қандай екенін, сондай-ақ Қаңтар оқиғасына қатысты сауалдарға жауап берілетін деп күтілген.
Қазіргі уақытта Ресейдің өзі "арнайы операция" деп атаған басқыншылық әрекеті жалғасып жатыр. Украина қорғану үстінде.
Украина президенті кеңсесінің штаттан тыс кеңесшісі Алексей Арестович "Счастье", "Мариуполь" қалалары азат етілгенін, Ресейдің көптеген бронетехникасы мен алтыншы ұшағы жойылғанын айтты. Сондай-ақ ол Украина 40 жауынгерін жоғалтқанын мәлім етті.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір