• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 21:59:52
Алматы
+35°
АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Ресей президенті Владимир Путиннің Украина үкіметін құлатуға тырысатынына "сенімді" екенін айтты.
 
АҚШ-тың ABC телеарнасына берген сұхбатында Блинкен Киевке және Украинаның басқа да ірі қалаларына, Украинаның солтүстік, шығыс және оңтүстіктігінен көпжақты шабуыл жасау "Ресей жоспарының бір бөлігі" екенін айтты.
 
Блинкен Ресей Украинадан тыс жерге шабуыл жасауы "мүмкін" екенін айтты, бірақ АҚШ-тың НАТО-дағы одақтастарын қорғау жөніндегі міндеттемесін қайталап, "НАТО-ның бір мүшесіне шабуыл НАТО-ның барлық мүшелеріне жасалған шабуыл" деп ескертті.
 
"Президент НАТО территориясының әрбір сүйем жерін қорғайтынымызды анық айтты. Менің ойымша, бұл – президент Путиннің Украинадан тыс жерлерге шығуына қарсы ең күшті тежеу", - деді ол.
 
Блинкен сондай-ақ АҚШ президенті Джо Байденнің "егер жағдай шиеленісе түсетін болса, Путинге тікелей бағытталған АҚШ-тың қолданыстағы санкцияларын кеңейту мүмкіндігі бар" деген ұстанымын қайталады.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ресей Украина НАТО

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір