• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 04:13:05
Алматы
+12°
 

Nur Otan партиясының съезінде президент, партия төрағасы Қ.Тоқаев 16 наурыз күні саяси реформалардың жаңа бағдарламасын жариялайтынын мәлім етті.

"16 наурыз күні саяси реформалардың жаңа бағдарламасын ұсынамын. Қазір партияаралық бәсеге күшейіп келеді. Сондықтан партияның саяси күш ретіндегі рөлін сақтауымыз керек. Бұл – маңызды міндет. Басқаша айтқанда, ұйым қашан да халық партиясы болып, ел мүддесін қорғауы керек" деді ол.

Бұған дейін отырыс барысында партия атауы "Аманат" деп өзгеретіні хабарланған.

Сондай-ақ партия саяси кеңесінің құрамынан мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулин мен "Павлодар мұнайхимия зауыты" ЖШС бас директоры Оспанбек Әсейітов шығарылып, ҚР премьер-министрі Әлихан Смайлов, ҚР президенті әкімшілігінің жетекшісі Мұрат Нұртілеу, "Астана" университетінің ректоры Камалжан Надыров, Халықаралық "Қазақ тілі қоғамы" вице-президенті Максим Рожин кеңес ққрамына қабылданған.

 
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Саяси реформа

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір