02 Наурыз, 2022 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыс берушілермен қызметкерлерінің еңбекақысын жоғарылатуға байланысты жұмыс жүргізбек.
Министр Серік Шапкеновтың айтуынша, ведомство жергілікті атқарушы органдар және кәсіпорындармен жұмысты бастаған.
– Біз кімнің жалақысы медиандық еңбекақыдан төмен екенін анықтау үшін сараптама жүргізіп жатырмыз. Медиандық еңбекақы бізде 157 мың теңгені құрайды. Жұмыс берушілермен қызметкерлерінің жалақысын көтеру бойынша жұмыс жүргіземіз. Олар қызметкерлерінің талап-тілегін түсініп, оларды қолдауға тиіс, – дейді министр.
Сондай-ақ ол ұлттық экномика министрлігіндегі әріптестерімен экономика қандай сценарий бойынша жүретінін зерделеп жатқанын атап өтті.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір