• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

07 Қараша, 03:05:40
Алматы
+12°

АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен ВВС-ге Украина Ресеймен соғыста жеңетініне сенімді екенін мәлімдеді.

Ол қақтығыстың қанша уақытқа созылатынын дөп басып айтпады, бірақ Украина сөзсіз жеңілмейтінін жеткізді.

Блинкен сондай-ақ украин халқының «ерекше төзімділігін» жоғары бағалады.

"Егер Мәскеу қандай да бір жолмен үкіметті құлатып, өзінің қуыршақ режимін орнатуды көздейтін болса, 45 миллион украиналық қазіргідей жолмен немесе басқа жолмен бас тартады" деді ол.

"Соғыс Ресей президенті Владимир Путин жоспарлағандай болған жоқ" деп қосты ол.

Украина күштері Ресейдің басқыншылғына қуатты қарсылық көрсетіп жатыр. Соғыс тоғызыншы күнге жалғасуда.

Оңтүстікте орыс әскерлері Қара теңіз жағалауындағы аудандарды басып алды, ал Мариуполь порты қоршауда қалды. Бірақ Николаев губернаторы ресейлік әскерлер қаладан қуылғанын мәлім етті.

Украинаның солтүстігіндегі Харьков қаласы да қоршауда.

Блинкен Еуропаға алты күндік сапарының басында Брюссельде Еуропалық Одақтағы әріптестерімен кездесті.

Оның айтуынша, халықаралық қауымдастық Украинаға көмектесу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды, сондай-ақ "Владимир Путин бастаған соғысты тоқтату үшін Ресейге ауыр қысым көрсетуге" дайын.

"Украинаның жеңетініне сенімдісің бе?" деген сұраққа ол: "Уақыт өте келе, мүлде (сенімдімін)" деп жауап берді.

Блинкен сонымен қатар соғыстың қанша уақытқа созылатынын айта алмайтынын жеткізді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Украина Ресей

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір