06 Наурыз, 2022 NEWS
Фото: Vlast.kz сайты
Алматы қаласы Сары-арқа кинотеатры артындағы скверде Украинадағы Ресей басқыншылығына қарсы рұхсат етілген митинг өтті.
Бейбіт жиын Қазақстан мен Украинаның мемлекеттік гимнін орындаудан басталды. Алаңға 3 мың мен 5 мыңға дейінгі адам жиналды. Скверде бос орын табу қиын.
Адамдар Ресейдің Украинадағы басқыншылық соғысын айыптайтын сөздер жазылған түрлі плакат алып шыққан.
"Слава Украине", "Путин х""ло", "Путин кет", "Тоқаев үнсіз қалма" секілді ұрандар айтылды.
Сондай-ақ жиналғандар Қазақстанды Еуразиялық экономикалық одақтан, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымынан шығуға шақырды.
Дереккөз: Vlast.kz сайты
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір