09 Наурыз, 2022 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
"Ресей президенті Владимир Путин Украина астанасы Киевті екі күн ішінде басып алуды жоспарлаған" деп хабарлады АҚШ Орталық барлау басқармасының басшысы Уильям Бернс.
Сейсенбі күні Конгресс тыңдауында сөйлеген Бернс "менің ойымша, Путин қазір ашулы әрі көңілсіз" деді.
Оның пікірінше, Путин Украинаның жауынгерлік қабілеті мен жаһандық реакциясын бағаламаған.
Бүгінде соғыс 13-күнге жалғасып, ресейлік күштер Киев сыртында тоқтап қалды.
Ресей күштері елдің оңтүстігінде айтарлықтай ілгерілеушілікке қол жеткізгенімен, Украинаның басқа аймақтарында бір орынла тұр.
Тұтқынға алынған ресейлік сарбаздар азық-түліктің, жанармайдың және жалпы соғыс жоспарының жоқтығына шағымданады.
АҚШ барлау қоғамдастығы Ресей осы соғыста 2 мыңнан 4 мыңға дейін сарбазынан айрылғанын хабарлап отыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір