• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

07 Қараша, 01:48:36
Алматы
+12°

АҚШ пен Еуроодақ елдері Ресейдің мұнай-газ секторы экспортына ауыр соққы болатын шаралар қабылдап жатыр.

ВВС-дің орыс қызметін хабарлағандай, АҚШ президенті Джо Байден Ресейден мұнай мен өзге де энергия тасымалдаушыларды жеткізуге тыйым салған. Ізінше Ұлыбритания жыл соңына дейін Ресейден мұнай мен мұнай өнімдерін алуды тоқтататынын мәлім етті.

Артынша Еуроодақ Ресей газынан бас тарту жоспарын әзірлеп жатқанын жеткізді. Жаңа энергетикалық жол картасына сай, Еуропа бір жыл ішінде ресейлік газдың 2/3-інен бас тартуға тиіс. Сонымен қатар жоспар бойынша 2030 жылға дейін Ресейдің барлық пайдалы қазбаларынан бас тарту көзделіп отыр.

ЕО биогаз мен сутек секілді энергияның жаңартылатын түрлерін жаппай қолдануды ұсынады. 

Қысқа мерзімде Еуроодақ елдеріне газ АҚШ пен Африка елдерінен жеткізілуге тиіс. Тіпті кей елдер газ орнына көмірді көбірек тұтына тұруы мүмкін.

Қазіргі уақытта Еуроодақ елдерінің газға деген қажетінің 40 пайызын Ресей өтеп отыр. Transport & Environment зерттеу тобының дерегінше, Ресейден газ сатып алу күніне 118 миллион долларды құрайды.

Британиялық Capital Economics аналитикалық компаниясының дерегінше, мұндай сценарий Ресей экономикасын тұралатып жіберуі мүмкін. Қымбатшылық 30 пайызға жетіп, елді жаппай жұмыссыздық жайлауы ғажап емес. Доллар 200 рубльге дейін қымбаттайды. Бұл – компанияларды дефолтқа ұшыратып, Ресей экномикасы 20 пайызға құлауы мүмкін. Оның әсері Ресей экономикасы 1990 жылдары өткерген жағдайлармен пара-пар болады деп болжанып отыр.

Алайда бұл жағдай Ресейге ғана емес, әлем үшін де теріс салдар тудырады. Мұнай мен газ бағасы шарықтап, ол энергия мен жанар-жағармайға, сәйкесінші, азық-түлік пен ауыл шаруашылығы өнімдерінің қымбаттауына әкеліп соқпақ.

 
 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір