12 Наурыз, 2022 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Ресейлік олигарх Роман Абрамовичке тиесілі жалпы құны 1 миллиард доллардан асатын екі суперяхта шығысқа қарай бет алған. Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін Абрамович сияқты санкцияға ұшыраған ресейлік олигархтар өздерінің активтерін қорғау мақсатында яхталары мен жеке ұшақтарын бүкіл әлем бойынша жылжытуға тырысуда.
"Solaris" пен "Eclipse" суперяхталарының қай жерде жүзіп жүргені белгісіз деп хабарлады "Business Insider".
Бейсенбі күні Ұлыбритания санкцияларының бір бөлігі ретінде Абрамовичтің активтеріне тыйым салынған.
Ұлыбритания үкіметі Абрамовичке салынған санкциялардың ішінде оның активтерін бұғаттау, яғни яхталары мен жеке ұшақтары тәркілену ықтималдығы бар екенін айтқан.
"MarineTraffic" кеме бақылайтын сайтының мәліметінше, Абрамовичтің 460 футтық "Solaris" кемесі жұма күні Италияның шығыс жағалауында болған.
Яхта сейсенбіде Барселонадағы (Испания) кеме жасау зауытынан шығып кеткен. "Ол жерде кеме 2021 жылдың соңынан бастап жөндеу жұмыстары үшін аялдаған" деп хабарлады Reuters.
"SuperYacht Fan"-ның мәліметі бойынша "Solaris"-тің бағасы 600 миллион долларды құрайды.
"MarineTraffic" деректері көрсеткендей, Абрамовичтің 533 футтық "Eclipse" яхтасы 21 ақпаннан бері Кариб теңізіндегі Сент-Мартин аралынан шығысқа қарай жүзіп барады.
"SuperYacht Fan" мәліметі бойынша құны 700 миллион доллар тұратын кеме жұма күні Африканың батыс жағалауына жақын жерде болған, деп хабарлады "MarineTraffic".
Веб-сайтта Eclipse" үшін тағайындалған порт жоқ, сондықтан суперяхта қай жерде тоқтайтыны белгісіз.
"Bloomberg" ақпараты бойынша, Абрамовичтің байлығы 13,7 миллиард долларға бағаланған. Ол "Челси" футбол клубының иесі.
Ол өткен аптада клубты сататынын мәлімдеді, бірақ Ұлыбританияның санкциялары оның сатылымды жалғастыра алмайтынын білдіреді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір