• USD 468.43

  • EUR 485.43

  • RUB 7.67

  • CNY 65.35

30 Қараша, 12:11:58
Алматы

"Утильалымға жол жоқ" қозғалысының өкілдері Қазақстандағы автоөндірушілер отандық өнім деп жүрген көліктер дайын бөлшектерден қалай жиналатынын көрсетті.

Сөздерінше, отандық өндірушілер көліктің дайын бөлшектерін құрастыру арқылы мемлекеттен субсидия түрінде қыруар қаржы алып, салық төлемей отыр. Олар мұндай әрекет белгілі бір олигархиялық топтың мүддесі үшін ғана жасалып отырғанын айтады.

Қозғалыс өкілдері Қазақстандағы көлік құны утильалым мен бастапқы тіркеу салығының салдарынан әділетсіз қымбаттап кететінін жеткізді.

Сондай-ақ олар бұл көріністі 12 наурызға жоспарланған бейбіт шеруде көрсетуді ойлағанын, алайда Алматы қаласы әкімдігі бейбіт жиын өткізуге рұхсат бермегендіктен, әлеуметтік желіге салуды ұйғарғанын атап өтті. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір