• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 06:12:26
Алматы
+12°

Қайрат Сатыбалдының әйелі Гүлмира Сатыбалды кәсіпкер, белгілі продюсер Баян Мақсатқызының күйеуі Тұрсын Алагөзовтың компаниясын рейдерлік жолмен тартып алуға қатысы бар. Бұл туралы Баян Мақсатқызы желідегі парақшасында мәлім етті.

Продюсер бұған дейін "Гүлмира Сатыбалды "кәсібін тартып алды" делінген әйелдің видеосын жариялап, өздері де рейдерлік басып алу құрбаны болғанын жеткізді.

"Менен бұл рас па, шын мәнінде қалай болды" деп жиі сұрайды. Біз бұл сұрақтарға жауап беруге, тиісті ақпараттарды ұсынуға дайынбыз. Оның барысында даулы фамилиялар аталатын болады. Бұл оқиғаға азаматтарымыз таңғалады деп ойламаймын. Өйткені мұндай жағдайға елімізде жүздеген кәсіпкер тап болып, белгілі адамдар қысым жасағандықтан сотқа шағымдана алмаған. Мен Galanz Bottlers компаниясын рейдерлік жолмен тартып алған адамдар мен олардың сыбайластарының барлығының аты-жөнін атаймын. Жақын күндері тергеу органдарына бизнесті тартып алуға байланысты барлық қажетті дәлел беріледі" деді ол.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от Bayan Sulu Maxatkyzy (@bayanmaxatkyzy)

Сондай-ақ ол Қайрат Сатыбалды мен оның әйелінен зәбір көрген өзге де адамдар туралы біле түскенін, бизнесін жоғалтқан адамдардың атын естігенде қоғам шок болатынын жеткізді.

Тұрсын Алагөзов бұрын алкогольсіз сусындар өндіретін Galanz Bottlers компаниясының ірі акциялар пакетіне иелік еткен. Компанияға "Maxi чай", "Sevens", "Перво квас", "Aloe" шырыны секілді сауда маркалары кірген.

13 наурыз күні экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды, "Қазақтелеком" АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде ұрлады деп айыпталып, Түркияға ұшқалы тұрған жерінен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Сондай-ақ Қ.Сатыбалдыұлының мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

2021 жылғы 23 маусымда "Басе" youtube каналында Айгүл Мекешова деген келіншек Гүлмира Сатыбалды құны 1 миллиард теңгеден асатын бизнесін тартып алғанынын мәлім еткен. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір