• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

10 Қазан, 22:43:30
Алматы
+8°

Қоғам белсендісі, журналист Сәуле Әбілдаханқызы әйелдер партиясын құратынын мәлім етті.

"Ақжүніс" әйелдер партиясын құрамын!!! Барлық қазақ әйелдері, бірігіңдер!.. Кім жаңа партия заңгері болғысы келеді, өз-өзіңізге, біліктілігіңізге сенімді болсаңыз, хабарласыңыз! 2-3 жыл бұрын қоғамдық бірлестігімді тіркейтін мекенжай таппай, қырық туыс, жүз досқа жалынып, "зияның тиеді, билік менің соңыма түсіп алады, қорқамын" деп, ешкім өз үйіне тіркегісі келмей, ақырында қолымды бір сілтеп қойған едім. Әйелдер партиясын пропискаға қоятын адам табыла ма екен?..." дейді журналист.
 
Сәуле Әбілдаханқызы Әбединова 1972 жылғы 29 қаңтарда дүниеге келген. Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының театр және кино факультетін "театртанушы, өнер мекемелерінің менеджері" мамандығы бойынша бітірген. "Өнертану магистрі" магистрлік дәрежесі бар.
 
Еңбек жолын "Қазақ әдебиеті" газетінде мәдениет бөлімінің меңгерушісі болып бастаған. Ел арасына "Қазақстан" Ұлттық арнасының "Ақжүніс" бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі ретінде кеңінен танылды. Кейінгі жылдары "Ақжүніс-Астана" журналын шығарған.
 
Кейінгі жылдары қоғамдық белсенділікпен айналысып жүр. Қоғамдық белсенді есебінде Сайрагүл Сайытбай ісіне, көпбалалы аналар ісіне араласты.
 
Қаңтар оқиғасынан кейін бірнеше азамат партия құру туралы ниетін жариялаған. Саясаттанушы Санжар Боқаев "Намыс", "Байтақ Болашақ" экологиялық альянсы қоғамдық бірлестігінің президенті Азаматхан Әміртай Олжас Сүлейменов, Тоқтар Әубәкіровпен бірге экологиялық "Байтақ" партиясын, белгілі бизнесмен Болат Әбілов партия құратынын мәлім еткен.
 
Сондай-ақ саяси алаңда 2019 жылы оппозициялық белсенді Жанболат Мамай жетекшілік ететін "Демократиялық партия" пайда болды. Белсендінің партияны тіркемек болған 2020 жылғы әрекеті сәтсіз аяқталған. Полиция "Демпартия" жақтастарын шетінен тұтқындағаннан кейін, белсенділер құрылтайдың орнына митинг өткізген.
 
2019 жылы белсенді Тоғжан Қожалиева ХАҚ (Халыққа адал қызмет), бизнес-тренер Ахметжан Нұрсила "Сен" атты партия құратынын мәлім еткен. Одан бері Тоғжан Қожалиева кей-кейде белсенділік танытып жүр. Алайда түпкі ойында ма, жоқ әзірге белгісіз. Ал Ахметжан Нұрсиланың бұл бағыттағы белсенділігі байқалмайды.
 
Бүгін президент Қ.Тоқаев партияларды тіркеу процедурасы жеңілдейтінін, тіркеу табалдырығы 4 есеге 20 мың адамнан, 5 мың адамға дейін төмендетілетінін айтты. Сондай-ақ аймақтық өкілдіктердің саны 600-ден 200 адамға, бастамашыл топ өкілдері 700 адамға дейін төмендетілетінін жеткізді.
 
Президент жолдауынан кейін қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан "ЖЕР ҚОРҒАНЫ" деген атаумен партия құратынын жариялады.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір