Фото: Ашық дереккөз
Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Шығыс Қазақстан облысына әкім болып тағайындалды деген ақпарат теріске шығарылды.
Бұған дейін ZTB, ALIBEKOV, Kozachkov offside, JexeNews секілді telegram каналдар Берік Уәли Шығыс Қазақстан облысына әкім болып тағайындалғанын хабарлаған.
Бірақ ақордадағылар "ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, бұл – фейк" деп жауап берген.
Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысын 67 жастағы Даниал Ахметов басқарады. Зейнеткер шенеунік шығыстағы облыстың 8 жыл бергі әкімі.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір