Фото: Ашық дереккөз
Кремль өкілі "Ресей экзистенциалды қауіпке тап болса, Путин ядролық қаруды қолдана алады" деп мәлімдеді.
Пентагон ядролық мәлімдемелерді "қауіпті" деп атады, бірақ АҚШ өзінің тежеу ұстанымын өзгерту қажет емес деп санайды.
Украина президенті Владимир Зеленский Ресей шабуылдарынан Мариупольдің "ештеңесі қалмағанын" айтты.
Оның айтуынша, Мариупольде 100 000 бейбіт тұрғын тамақсыз, сусыз, дәрі-дәрмексіз қалды және ал Путин күштері қаланы үздіксіз бомбалауда.
Киев маңында ресейлік және украин күштері арасында шайқас жүріп жатыр.
Батыс шенеуніктерінің айтуынша, ресейлік күштер азық-түлік пен жанар-жағармайдың айтарлықтай тапшылығына ұшырап, кейбір сарбаздарды үсік шалған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір