• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 03:00:39
Алматы
+35°

Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің еліне басқыншылық соғыс бастағанына бір ай толуына орай әлем халқын Украинаға қолдау көрсету үшін көшеге шығуға шақырды. Бұл туралы Әл-Жазира хабарлады.

Ол үндеуін АҚШ президенті Джо Байден Брюссельде қатысатын НАТО-ның төтенше саммиті қарсаңында айтты.

НАТО бас хатшысы Йенс Столтенбергтің сөзінше, НАТО басшылары Шығыс Еуропадағы күштерін арттыруды мақұлдайды.

Столтенберг төрт жаңа жауынгерлік топ Словакия, Венгрия, Болгария және Румынияға жіберілетінін жеткізді.

АҚШ "Ресей күштері Украинада әскери қылмыс жасады" деп мәлімдеді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Украина НАТО Ресей

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір