• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 20:06:33
Алматы
+35°

Құқыққорғау органы қызметкерін қорлады, "жалған ақпарат" таратты деген айыптармен үстінен екі қылмыстық іс қозғалып, абақтыға қамалған саяси белсенді, тіркелмеген "Демократиялық партияның" жетекшісі Жанболат Мамай амнистиямен бостандыққа шығарылмады. Бұл туралы оның жақтастары мәлім етті.

 
"Жанболат Мамай түрмеде қалды. Жақтастары наразы. "Кінәсін мойындамады" деген сылтаумен бостандық бермей қойды. Ол жоқ кінәні неге мойындауы керек? Оған қатысты амнистия қолданбағаны заңсыз. Оны қамап, заңсыздыққа барғанымен қоймай, кінәсін мойындатпақ болғаны екі есе заңсыз. Жанболаттың мойындайтындай еш кінәсі жоқ. Оның бостандығы үшін күресеміз. Жанболат босамайынша Тоқаевқа тыным бермейміз, халықаралық қауымдастық та оған тыныштық бермейді" дейді белсендінің әйелі, журналист Инга Иманбай Facebook-тегі тікелей эфирде.
 
 
Жанболат Мамайдың жақтастары белсендіні бостандыққа шығармаған соң алдымен "Си-18" деп аталып кеткен ЛА-155/18 мекемесінің алдында, артынша Алматы қаласы полиция департаменті ғимараты алдында наразылық өткізді.
 
Алматы қаласы Алмалы ауданының прокуроры Бауыржан Ертаев Жанболат Мамайдың бостандыққа шығарылмауына жоғарғы соттың сот үкімі туралы 4-нормативтік қаулысының 9-тармағы негіз болғанын мәлім етті. Ол бойынша рақымшылық қолданатын кезде амнистияны қолдану туралы келісім берілген жағдайда, айыпталушы кінәсін мойындауы керек. Ал Жанболат Мамай мойындайтындай кінәсі жоқтығын, тағылған айып негізсіз екенін мәлімдеп, тағылған айыпты мойындаудан бас тартқан.
 
Жанболат Мамайдың жақтастары мен адам құқығы саласындағы беделді халықаралық Human Rights Watch және Amnesty International ұйымдары белсендіні қудалаудың саяси астары бар екенін айтады.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Жанболат Мамай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір