• USD 468.43

  • EUR 485.43

  • RUB 7.67

  • CNY 65.35

30 Қараша, 14:33:21
Алматы
+1°

12 Сәуір, 2022 Экономика

Жеңілдетілген автонесиелеудің жай-жапсары белгілі болды

Бағдарлама 2022 жылдың сәуір айының соңында іске қосылады.

Көрнекі сурет/Фото:kolesa.kz

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігігінің баспасөз қызметі жеңілдетілген автонесиелеу шарттарын жариялады.

Жеңілдетілген несие бағдарламасы бойынша қаржыландыру сомасы шамамен 100 млрд теңгені құрайды. Өңірлердегі автобустар паркін жаңарту үшін 30 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінеді.

Жеңіл автомобильдерді сатып алуға несие беру төмендегі шарттар бойынша жүзеге асырылады:

  • сыйақы мөлшерлемесі: 4%;
  • несиелендіру сомасы: 10 млн теңгеден артық емес;
  • қаржыландыру мерзімі: 7 жылдан артық емес;
  • бастапқы жарна: 0 % бастап;
  • көлік құралының құны: 15 млн теңгеден аспайды.

Автонесиені екінші деңгейдегі банктер беретін болады.

"Қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін министрліктермен міндетті шарт көзделген. Оған сәйкес екінші деңгейдегі банктерде қарыз алушыларға қаржыландыруды ұсынудың мәртебесі мен мерзімін қадағалайтын автоматтандырылған жүйе болуы тиіс. Сондай-ақ қарыз алушыға екі жылдың ішінде бір реттен артық автонесие алуға тыйым салатын шектеу енгізілген" делінген ақпараттық хабарламада

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір