Фото: Qamshy.kz
11 сәуір күні іске қосылған "Ұйғыр ауданының атауы Шарын немесе Қарадала ауданы деп өзгертілсін" деген петицияға бүгінде 115 мыңнан астам қол жиналған. Оның 109 мыңға жуығы бастаманы қолдаса, 6 мыңнан астамы қарсы шыққан.
Петиция авторы бастама жоқ жерден жау іздегу емес, мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл Ұйғыр ауданының атауын Қарадала немесе Шарын деп өзгертуге ұсыныс жасағанын айтады.
"Бұл мәселе көп жылдан бері талқыланып келеді. Қоғам белсенділері бірнеше рет хат жазған. Бұқаралық ақпарат құралдарында қаншама мақалалар жарияланды. Халық "бұл ескі мәселе Жаңа Қазақстанға ауыса ма?" деп жиі сұрайды" дейді депутат.
Аудан атауын "Қарадала" немесе "Шарын" деп өзгерту керек. Неге Шарын? Өйткені бұл аймақта Шарын өзені ағып жатыр және Шарын шатқалы орналасқан.
Біз, Қазақстан халқы Ұйғыр ауданының атауы Шарын немесе Қарадала ауданы деп өзгертілсін деп талап етеміз!" делінген петиция мәтінінде.
Аудан атын ауыстыру мәселесі талай жылдан бері дүркін-дүркін көтеріліп келе жатыр. Қазақ пен ұйғыр ұлты қоныс тепкен ауданда соңғы жылдары бірнеше этносаралық жанжал туған. Соңғы кикілжің 2020 жылғы маусымда болып, ауданға Алматы облысының сол кездегі әкімі Амандық Баталов келген. Экс-әкімге ауыл халқы аудан атын ауыстыру туралы тілегін жеткізген. баталов мәселені жоғарыға айтамын деп кеткенімен, мәселе өзгеріссіз қалды.
Жергілікті қазақтар аудан атын ауыстыру қос этносты бөлектемейді, керісінше, біріктіреді, Қазақстан халқы деген түсінік айналасына топтастырады дейді. Ал ұйғыр этносының кей өкілдері аудан атын ауыстыруға қарсы еместігін жеткізге, кейбірі осылай қала бергенін қалайды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір