• USD 415.12

  • EUR 443.06

  • RUB 7.41

  • CNY 62.21

25 Мамыр, 22:56:31
Алматы
+19°

"Украина шығыста үлкен сынаққа тап болады" деп бағалайды АҚШ Орталық барлау басқармасының бұрынғы директоры. Бұл туралы BBC хабарлады.

Оның айтуынша, Ресей әскері елдің шығысында қуатты жаңа шабуылға дайындалып жатыр.

Дэвид Петреус "бұл соғыс кезінде алғаш рет ресейліктер барлық күш-жігерін Украинаның әр жерінде емес, бір аймақта жинағанын көреміз" дейді.

Ол шығыстағы жағдай бірқатар факторларға байланысты болатынын жеткізді.

Бір фактор ретінде Украинаға қосымша қауіпсіздік көмегі қаншалықты жылдам жететінін атады.

Ол Ресей президенті Владимир Путин дәл қазір келіссөздерге мүдделі емес сияқты екенін атап өтіп, "Путин 9 мамырда Мәскеуде өтетін жыл сайынғы Жеңіс күні шеруіне орай айтарлықтай табысқа жетуді қалайды" дейді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Украина Ресей

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір